- Pagina principale
- Analisi dell'app gratuita
- Freedom SuperApp
Freedom SuperApp analisi dell'app per 3 dicembre
Freedom SuperApp
- Bank Freedom Finance Kazakhstan
- App Store di Apple
- Gratis
- Finanza
[KAZ]
Freedom SuperApp — Freedom Holding Corp. холдингінің барлық өнімдері мен қызметтері жиналған Freedom Bank-тің мобильді қосымшасы.
Freedom SuperApp көмегімен сіз: төлемдер мен аударымдарды лезде жүзеге асыру, карта мен депозит ашу, несие өнімдерін ресімдеу, қолайлы бағам бойынша валюта айырбастау, активтеріңізді басқару және брокерлік шотыңыздың теңгерімін оңай бақылау сияқты әрекеттердің бәрін орындай аласыз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің 20-дан астам түрін қолданыңыз, сақтандыру полистерін ресімдеңіз, ұшақ және теміржол билеттерін бірден қосымшадан сатып алыңыз.
[RUS]
Freedom SuperApp — мобильное приложение от Freedom Bank с интеграцией продуктов и услуг всего холдинга Freedom Holding Corp.
С Freedom SuperApp можно: совершать моментальные платежи и переводы, открывать карты, получать кредитные продукты и депозиты, менять валюту по выгодному курсу, управлять своими активами и легко следить за балансом брокерского счета. А еще получать более 20 госуслуг, оформлять страховые полисы, покупать авиа и Ж/Д билеты.
— Банктік қызметтер
Мультивалюталық карта ашыңыз, телефон және карта нөмірі немесе SWIFT жүйесі арқылы төлем жасаңыз және ақша аударыңыз. Авто-операцияларды баптау, депозит ашу, шығындарыңызды сараптау арқылы қаржыңызды оңай басқарыңыз.
— Несиелік өнімдер
1,5 миллион теңгеге дейінгі несиелік лимиті бар карта, ипотека және автонесие ресімдеңіз, автокөлікті немесе жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, несие алыңыз.
— Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтің 20-дан астам түрі бір қосымшаға жиналған. Цифрлық құжаттарды қолданыңыз, жеке кәсібіңізді тіркеңіз, салықтар мен айыппұлдарды төлеңіз, анықтамалар алыңыз және көлігіңіздің тарихын тексеріңіз.
— Валюта айырбастау
Өзіңіз қалайтын айырбастау бағамын көрсетіп, ақшаңызды ең тиімді бағам бойынша айырбастаңыз да, валюталық жинақтарыңызды үнемдеңіз.
— Менің активтерім
Сіздің барлық активтеріңіздің, яғни авто мен жылжымайтын мүліктің құнын, шоттағы жалпы теңгерім мен инвестициядан жинаған табысыңыздың жалпы сомасын көрсетеміз. Активтеріңізді бір жерден басқарыңыз: сақтандыру полистерін ресімдеңіз, мекен-жай бойынша тіркеуіңізді бақылаңыз, салықтар мен коммуналдық қызметтерді төлеңіз.
— Инвестициялар
Инвестиция әлемімен танысыңыз. Таңдаулы акциялар тізімін құрыңыз да, олардың құнының өзгеруін бақылаңыз. Ал дайын болған кезде инвестор картасын және брокерлік шот ашыңыз. Шотыңыз әлден бар болса, инвестициялық портфеліңіздің өзгерісін бақылаңыз.
— Freedom валютасы
Бірегей Freedom валютасын қолданыңыз. Валюта Freedom Holding Corp. акциясының құнына байланған және онымен бірге өзгереді. Freedom валютасының түрінде кешбэк жинай аласыз, ақша аудара аласыз немесе мемлекеттік қызметтер, төлемдер, сақтандыру полистерінің және билеттердің ақысын төлей аласыз.
— Power Card
Балаңызға Power Card ашыңыз да, оған қаржы сауатын үйретіңіз. Қосымша түгелімен балаға арналған: әдемі дизайны бар карта, орындағаны үшін сыйақы берілетін тапсырмалар, BilimLand-пен интеграция, жинақ сандықшасы, ата-ана басқара алатын ақша аударымдары мен төлемдер сияқты көптеген артықшылықтарымен ерекшеленеді.
— Сақтандыру
Көлігіңізді Freedom Insurance ұсынған міндетті ОГПО немесе ерікті КАСКО сақтандыру полисі арқылы сақтандырыңыз, полистерді қосымшаның көмегімен басқарыңыз. Сондай-ақ, өз өміріңізді де Freedom Travel сақтандыру полисі арқылы сақтандыра аласыз. Полис бойынша төлемдер 100 000 еуроға дейінгі соманы құрайды.
— Aviata
Билеттерді тез тауып, сатып алыңыз және саяхаттағаныңыз үшін кешбэк жинаңыз. Билеттерді бағасы, ауекомпаниялар және ұшу уақыты бойынша іріктей аласыз. Сонымен қатар, көрші күндердегі бағалар күнтізбесін пайдаланып, ең тиімді билеттер табыңыз.
Freedom SuperApp-тағы инновациялық банктік шешімдер әлеміне қош келдіңіз!
Classifica degli store
La classifica del store si basa su diversi parametri stabiliti da Google e Apple.
Tutte le categorie in
Stati Uniti--
Finanza in
Stati Uniti--
Crea un account per visualizzare il numero mensile medio di downloadContattaci
Freedom SuperAppStatistiche di ranking nel tempo
Classifica di Utilizzo di Similarweb e Classifica App Store di Apple per Freedom SuperApp
Rank
Nessun dato disponibile
Freedom SuperApp Classifica per paese
Paesi in cui Freedom SuperApp ha la posizione più alta nelle sue categorie principali
Principali concorrenti e app alternative
App con un'alta probabilità di essere utilizzate dagli stessi utenti, provenienti dallo stesso store.
Halyk Kazakhstan
JSC Halyk Bank of Kazakhstan
Otbasy Bаnk
NATIONAL SAVING BANK OF KAZAKHSTAN JSC
Alatau City Bank
First Heartland Jusan Bank JSC
bcc.kz
JSC Bank CenterCredit
3icembre d, 2025