Now livetag icon
Digital 100 - Similarweb official ranking of the fastest growing digital brandsMeet the leading brands of 2026banner icon

Kemel Adam 與 Kitap 使用情況與統計

KemelAdam қолданбасымен тиімді тұлғалық даму болашағына қош келдіңіз! Үздіксіз өсу мен табысқа ұмтылатындар үшін арнайы жасалған революциялық қолданбамен танысыңыз. «KemelAdam» бұл жай ғана қолданба емес, ол сіздің жеке тәлімгеріңіз, мотиваторыңыз және барлық мақсаттарыңызға жету жолындағы көмекшіңіз. Неліктен "KemelAdam" жай қолданба емес, өмір салты: Жеке жоспарлау: күніңізді жоспарлаудағы хаосты ұмытыңыз. «KemelAdam» сіздің мақсаттарыңызды, басымдықтарыңызды және мерзімдеріңізді ескере отырып, құрылымдық жоспар құруға көмектеседі. Прогрессті бақылау жүйесі: Сіздің жетістігіңіз біздің мақтанышымыз. «KemelAdam» көмегімен сіз өзіңіздің жетістіктеріңізді нақты уақыт режимінде бақылай аласыз, жетістіктеріңізді және үлкен нәтижелерге апаратын жолды көре аласыз. Сарапшылардың түсініктері мен кеңестері: Өз жолыңызды ең жақсы тәжірибелерге айналдыру үшін әртүрлі салалардағы табысты адамдардан бірегей кеңестер мен әдістерді алыңыз. Күнтізбені біріктіру: "KemelAdam" тапсырмалардың шамадан тыс жүктелуін және қайталануын болдырмау арқылы кестеңізді оңтайландыруға көмектеседі. Барлық жерде қолжетімділік: Қай жерде болсаңыз да, табысыңыз әрқашан сізбен бірге. «KemelAdam» барлық құрылғыларда қол жетімді, сондықтан сіз қозғалыс кезінде де дамыта аласыз. Жетістікке жету үшін ертеңді күтпеңіз. Қазір «KemelAdam» жүктеп алыңыз және қолданба сіздің барлық армандарыңызға жету жолында сіздің адал серігіңіз болсын.
  • Apple App Store
  • 免費版
  • 書籍

商店排名

- -

ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (PRIVACY POLICY): https://kitap.kz/policy/privacy ҚОЛДАНУШЫ КЕЛІСІМІ (TERMS OF USE): https://kitap.kz/policy/terms-of-use KITAP қосымшасы – кітаптар мен аудиокітаптардың ең үлкен қоры. Қосымшада қазақ әдебиетінің жауһарлары мен әлем әдебиетінің үздік шығармалары жинақталған. Kitap қосымшасын жүктеп алудың ең басты артықшылығы – өзіңізге ыңғайлы уақытта, кез келген жерде оқып, аудиокітаптарды тыңдай аласыз. Кітаптардың жанры әртүрлі, тақырыбы саналуан. Классикалық шығармаларды оқығаннан ләззат аласыз ба, әлде әлемдік бестселлер кітаптарға қызығасыз ба? Ғылыми-танымдық әдебиет қызықтыра ма, әлде іскерлік бағыттағы кітаптарды көбірек оқисыз ба? Бәлкім, психологияға қызығатын шығарсыз? Әлде, балаларға арналған таңдаулы шығармаларды іздейсіз бе? Мұның барлығын біздің қолданбадан табасыз. Егер оқудан гөрі тыңдау ыңғайлы болса, аудиокітаптарымыз бар. Сүйікті шығармаңызды кәсіби дикторлардың дыбыстауында тыңдауға болады. Серуенге шыққанда, сапарда жүргенде немесе жай ғана кезек күтіп отырғанда уақытты тиімді өткізгіңіз келсе, Kitap қосымшасы сенімді серік әрі пайдалы көмекші бола алады. Абай өлеңдері мен Қара сөздері, поэмалары мен аудармалары, Мұхтар Әуезовтің романдары мен әңгімелері, Бейімбет Майлин мен Жүсіпбек Аймауытовтың үздік шығармалары – қосымшадағы қазынаның бір парасы ғана. Әлемдік бестселлер – «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Анна Франктің күнделігі», «Ғажайып» сынды еңбектерді қазақ тілінде оқып қана қоймай, тыңдай да аласыз. Қосымшада ұнатқан кітабыңызды Сөреге жинақтауға болады. Кітаптарды жүктеп алуға және достарыңызға жіберуге де мүмкіндік берілген. Кітаптар мен аудиокітаптар мынадай жанрлар бойынша жинақталған: • Көркем шығармалар • Тарихи шығармалар • Ғылыми әдебиет • Тұлғалық даму • Іскерлік әдебиет • Публицистика • Романтика • Психология • Бизнес • Ертегілер және т.б. Жиі қойылатын сұрақтар: Kitap қосымшасын жүктеп алу маған не береді? Kitap қосымшасы бүкіл әлем оқып, талқылап жатқан кітаптарды оқуға және оның аудионұсқасын онлайн немесе жүктеп алып тыңдауға мүмкіндік береді. Kitap-тың басқа қосымшалардан ерекшелігі неде? • Кітаптар мен аудиокітаптар қорының мол болуы; • Кітапты сатып алмас бұрын бір бөлігін оқып/тыңдап көру мүмкіндігі; • Жеке кітапхана жасақтау; • Кітаптарды жүктеп алу; • Оқып немесе тыңдап жатқан шығармаңызды тоқтаған жерінен жалғастыру; • Шығарманың қажет тұсына бетбелгі қою; • Аудионы алға және кері жылжыту, бөлімдерді оңай ауыстыру; • Аудионы ойнату жылдамдығын таңдау; • Кітаптың оқылған/тыңдалған кітап бөлігі пайызбен көрсетілуі; • Кітап туралы пікір білдіріп, талқыға қатысып, баға беруге болады. Kitap қосымшасында балаларға арналған шығармалар бар ма? Әрине! Қосымшада балалар әдебиеті мол. Бір ғана ертегінің 400-ден аса түрі бар. Әрі қор ұдайы толығып отырады. Қосымшада мектеп бағдарламасындағы барлық шығарманың аудионұсқасы жасалған. Аудиокітаптарды жүктеуге бола ма? Иә, таңдаған кітапты жүктеп алуға болады. Жүктелген кітаптар Сөреге жиналады.
  • Apple App Store
  • 免費版
  • 書籍

商店排名

- -

Kemel Adam與 Kitap 比較排名

比較過去 28 天的 Kemel Adam 排名趨勢與 Kitap

排名

無可用數據

各國 Kemel Adam vs. Kitap 排名比較

比較過去 28 天的 Kemel Adam 排名趨勢與 Kitap

所有類別

無可用數據

書籍

應用程式
頂級國家
排名
#49
#13

使用我們的免費試用版,與所有網站進行比較

立即開始
Kemel Adam VS.
Kitap

1月 26, 2026